



Мен туралы Сертификатталған тренажер залының жаттықтырушысы • Жаттықтырушылық тәжірибе — 1 жыл • Спортпен және жаттығумен айналысу тәжірибесі — 5 жыл • Жим лёжа және пауэрлифтинг бойынша халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегері • Almaty Marathon 2026 марафонының финишері • Astana Half Marathon 2026 жартылай марафонының финишері Қандай мақсаттармен жұмыс істеймін: * Бұлшықет массасын арттыру * Артық салмақтан арылу * Дене құрамын жақсарту (рекомпозиция) * Төзімділікті арттыру * Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) Менің жұмыс тәсілім Жаттығу процесінде сіздің жұмыс кестеңізді, күнделікті белсенділік деңгейіңізді, қалпына келу сапасын, физикалық дайындық деңгейіңізді және ағзаңыздың жеке ерекшеліктерін ескеремін. Менің мақсатым — жай ғана жаттығу өткізу емес, алға қойған мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін жүйелі әрі тұрақты жаттығу процесін қалыптастыру. Білімім және кәсіби дамуым * ҚНУС-тың жаттықтырушылық қызмет факультетінің 2-курс студентімін. * Адам анатомиясы мен физиологиясы саласында тереңдетілген білімім бар. * Қызыл Жарты Ай ұйымынан алғашқы көмек көрсету бойынша оқудан өттім. * Kai Greene, Зульфия Битиева және Қазақстанның жетекші реабилитологтарының бірі Андрей Лабунец өткізген шеберлік сабақтарына қатыстым. Маған адамдар жай ғана жаттығу үшін емес, өз денсаулығына инвестиция салу үшін келеді.
Жалға алу
Призёр соревнований по POWERLIFTING-y
Международный сертификат от Invictus Academy
Марафон
Полумарафон