



Мен — фитнес саласында дамып келе жатқан жас бапкермін. Қазіргі уақытта тәжірибе жинап, білімімді жетілдіріп, осы мамандықта өз орнымды қалыптастырып келемін. Маған күштік жаттығулар, дене мүсінін әдемі қалыптастыру және физикалық мүмкіндіктерді біртіндеп жақсарту өте жақын. Мен бұл жолдан өзім де өттім, сондықтан нәтиже тек жаттығумен ғана емес, дұрыс тамақтану, қолдау және мотивациямен бірге келетінін жақсы түсінемін. Сізге мақсатыңызға сай жаттығу жүйесін құруға, тамақтануды реттеуге және нәтижеге бірге жетуге көмектесемін. Иә, мен бапкерлік жолымды енді бастап келемін, бірақ әр клиентке үлкен жауапкершілікпен, ықыласпен қараймын және сізбен бірге өсіп, бірге нәтиже шығарғым келеді.
Тренер