



Мен Арай — фитнес жаттықтырушы және дұрыс тамақтану бойынша кеңесшімін. Әйел мен қыздарға арықтауға, бұлшықет күшін дамытуға, артық салмақтан арылуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектесемін. Жұмыс барысында әр клиенттің мақсаты мен физикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке тәсіл қолданамын. Жаттығулардың дұрыс техникасына, қозғалыс сапасына және жүйелі жаттығу процесіне ерекше мән беремін. Менің мақсатым — клиентке тек жаттығу жасатып қана қоймай, өз денесін түсінуге, дұрыс қозғалысты меңгеруге және қалаған нәтижесіне сенімді түрде жетуге көмектесу. Мен үшін тәртіп, жауапкершілік, кәсіби даму және тұрақты нәтиже маңызды.
Rental・ from ₸10,000
Rental・ from ₸10,000